.RU

Қарағанды қаласы «Мерей» балабақшасының тәрбиешісі Зайтова Шынар Акановна

Дата06.09.2017өлшемі50.47 Kb.
Қарағанды қаласы

«Мерей» балабақшасының тәрбиешісі

Зайтова Шынар Акановна Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның сабақтастығы және серіктестігі
Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы - өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор болып саналады. Адамзат қоғамы даму тарихында қалыптасқан тәрбие мен оқыту, теориясы және практикасын дамыту саласындағы маңызы мен тәрбиелік мүмкіндіктері жайлы Я.А.Коменский, К.Д. Ушинский, В.Г.Белинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, Н.Н.Хан, В.А.Сухомлинский,Ш.Уәлиханов,Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаев,А.П.Сейтешов,М.Ә.Құдайқұлов,А.А.Бейсенбаева,Қ.К.Жампейісова,Г.Т.Хайруллин, В.В.Трифоновтар маңызды педагогикалық ой пікірлер қалдырды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы маңызды. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс.

Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, мектепке дейінгі ұйыммен байланыс арқылы одан әрі жалғасады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар – мектепке дейінгі ұйым мен отбасы.Осы екі арнада жүргізілген тәлім- тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ. Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттарының бірі – айналаны тану, сезіну,қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне

мақсат қоя білуге баулу. Өмірдегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып әсерлене білуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы – мектепке дайындау.

Педагог ғалымдардың тұжырымдарына сүйенсек тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасындағы өнегеге байланысты екенін білеміз.

Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым – қатынасын талап етеді.Бұл қарым-қатынастың жаңашылдығы «ынтымақтастық» және «өзара қарым-қатынас» деген түсініктермен анықталады. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процеске тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін ұсынады.

Мектеп жасына дейінгі мекеменің отбасымен өзара қарым-қатынас барлық нысандары мен түрлерінің негізгі мақсаты балалар, ата-аналар, педагогтар арасында сенімділік қатынасты орнату, оларды бір командаға біріктіру, өздерінің проблемаларымен бөлісу және бірлесіп шешу қажеттілігіне тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен ата-аналардың өзара сабақтастығы мен серіктестігін мынадай жұмыс бағытында іске асыруға болады:

-педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру;

-іс-әрекеттің түрлі формалары (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысу, әртүрлі үйірмелер, клубтар) және қосымша қызмет көрсету;

-балалардың шығармашылық жоспарларын іске асыруға жағдай жасау;

-қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;

-әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету;

-педагогикалық - психологиялық сауаттылыққа жетілдіру.

Ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің мақсат-міндеттерін түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруына ықпал етеміз.Ата-аналардың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтайтын жағдайлардың кешені өз деңгейінде болу қажет.Олар: отбасының тұрмыстық жағдайы, отбасы мүшелерінің саны, психологиялық жағдайы, мәдени білім деңгейі, ата-ана өнегесі.



Іс - әрекеттің түрлі формалары

Ата-аналарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатыстырудың маңызды нәтижесі, ата-аналар өз балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-қатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ па, балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады. Бәрін мен дұрыс істеймін бе, неге менде тәрбиелеудің өзге нәтижесі қалыптасқан, неге үйрену керек деген рефлекстік қызмет «іске қосылады».Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс –тілектерімен санаса отырып ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.



Ата-аналар конференциясы. Конференцияның негізгі мақсаты – отбасылық тәрбиелеудің тәжірибесімен бөлісу. Ата-аналар алдын-ала мәлімдеме дайындайды немесе оларды бірлесіп те дайындауға болады. Конференцияның өзекті тақырыбы мысалы, «Бала денсаулығына қамқорлық..» атты конференцияға қалалық аурухананың дәрігер-терапевтін қатыстыруға болады. Бұған барлық ата-аналар, тәрбиешілер, балабақша қызметкерлері қатысады. Сондай-ақ мұндай конференцияларға балалар әдебиетінің жазушыларын, заңгерді қатысуымен өткізіп, ата-аналармен пікірлер бөлісіп, өз қызметтерінің бала тәрбиесіне тигізер пайдасы туралы тәжірибелерімен бөлісе алады. Конференцияны мектеп жасына дейінгі мекеме балаларының, қызметкерлерінің, отбасы мүшелерінің бірлескен концертімен аяқтауға болады. Тәрбиешілердің, қоғамдық ұйымдардың және отбасының ұрпақты тәрбиелеуде бірлесіп қоян-қолтық жұмыс істеуін талап етеді. Егер де тәрбиелеу күштері қалыптаспаса және бір-біріне қарама-қайшы келсе, онда бала психикалық жүктемелерге тап болады.

Кеңестер. Әдетте кеңестер жүйесі құрастырылады, олар жеке дара немесе ата-аналар топтарымен жүргізіледі. Топтық кеңестерге бірдей проблемалы немесе тәрбиелеуде бірдей табыстары бар әр түрлі топтың ата-аналарын шақыруға болады. Ата-аналардың белгілі білімдерді, әдістерді меңгеруі проблемалық мәселелерді шешуге көмек көрсету кеңестердің басты мақсаты болып табылады. Кейбір жас ата-аналарға семинар - практикумдардың маңызы зор. Топтық жиналыстарда талқылауға 2-3 мәселені ұсынуға болады, мысалы:«Баланың барлық өтінішін орындауға болама?», «Теледидар балаларды тәрбиелеуде дос па әлде жау ма?»деген тақырыпта өткізуге болады.

Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ, жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.«Бала мен балабақща» журналы-№4, 2010ж

2.Б.Баймұратқызы, М.Сансызбайқызы, Ф.Ниязбекқызы, С.Ғалиқызы,

Ф.Әбдіқызы «Отбасында баланы мектепке дайындау» 2000ж

3.«Бала мен балабақша» журналы №6, 7 2012ж.

4.Е. Сағындықұлы Педагогика, Алматы 1999.

5.Қ.Жарыңбаев,С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі -Алматы, 1995.

6. «Мектепке дейінгі тәрбие журналы» журналы №1 2010ж



7. «Отбасы және балабақша» №2,3 ,2011ж.



Достарыңызбен бөлісу:

b-i-l-nikitini-stranica-39.html
b-ibliography-of-the-onomastics.html
b-innovacionnaya-rabota-programma-razvitiya-municipalnogo-obrazovatelnogo-uchrezhdeniya.html
b-istochniki-i-literatura-po-istorii-sinodalnogo-perioda-smolich-i-k-istoriya-russkoj-cerkvi-1700-1917-gg.html
b-k-zajcev-sost-podgot-teksta-vstup-st-i-primech-a-d-romanenko-m-druzhba-narodov-1994-541-s-veka-i-sudbi.html
b-klassifikaciya-podzemnih-vod-po-stepeni-mineralizacii-slovar-po-gidrogeologii-i-inzhenernoj-geologii-annotaciya.html
  • teacher.largereferat.info/glava-3-vidi-znanij-i-nekotorie-osobennosti-ih-funkcionirovaniya-vvedenie-v-psiholingvistiku.html
  • assessments.largereferat.info/biologicheskoe-dejstvie-i-primenenie-celitelnie-sili-tom1-malahov.html
  • uchenik.largereferat.info/analiz-kreditosposobnosti-predpriyatiya-oao-blagkomhlebprodukt-chast-8.html
  • turn.largereferat.info/polozhenie-o-sisteme-vnutrennego-i-vneshnego-audita-kachestva-prepodavaniya-v-nou-vpo-povolzhskij-institut-biznesa-samara-2009.html
  • shpargalka.largereferat.info/uchebno-metodicheskij-kompleks-po-discipline-prestupleniya-v-sfere-gradostroitelnoj-deyatelnosti-nizhnij-novgorod-2006-stranica-2.html
  • student.largereferat.info/3srednesrochnij-plan-socialno-ekonomicheskogo-razvitiya-zakritogo-administrativno-territorialnogo-obrazovaniya-ozernij-tverskoj-oblasti-na-2012-2015-godi.html
  • tasks.largereferat.info/125009-rossiya-moskva-tverskaya-6-str-2-informaciya-soderzhashayasya-v-nastoyashem-ezhekvartalnom-otchete-podlezhit-raskritiyu-v-sootvetstvii-s-zakonodatelstvom-rossijskoj-federacii-o-cennih-bumagah-stranica-8.html
  • student.largereferat.info/1-rp-mesyachnaya-godovaya-svedeniya-o-sostoyanii-raschetov-za-otgruzhennuyu-produkciyu-vipolnennie-raboti-uslugi.html
  • kontrolnaya.largereferat.info/rabochaya-programma-uchebnoj-disciplini-pravovedenie.html
  • urok.largereferat.info/predislovie-k-1-mu-izdaniyu-k-s-stanislavskij-moya-zhizn-v-iskusstve.html
  • grade.largereferat.info/obshestvennoj-palati-rossijskoj-federacii.html
  • occupation.largereferat.info/o-fenomene-manas.html
  • urok.largereferat.info/programma-5-dnej-4-nochi-v-peterburge-3-dnya-otbitie-v-sankt-peterburge.html
  • books.largereferat.info/diagramma-1-publichnij-doklad.html
  • klass.largereferat.info/44-ekologiya-zhilisha-ekologiya-prirodopolzovanie-ohrana-okruzhayushej-sredi.html
  • uchenik.largereferat.info/doklad-specialnogo-dokladchika-po-voprosu-o-vnesudebnih-kaznyah.html
  • obrazovanie.largereferat.info/pp00-professionalnaya-praktika-gosudarstvennij-obrazovatelnij-standart-srednego-professionalnogo.html
  • literatura.largereferat.info/s-takimi-nesovershennoletnimi-i-ih-roditelyami-provodyatsya-profilakticheskie-besedi-anketirovanie-specialnie-seminari.html
  • klass.largereferat.info/55-gazosnabzhenie-mnogofunkcionalnie-zdaniya-i-kompleksi-snip-rk-02-16-2003-stroitelnie-normi-i-pravila.html
  • teacher.largereferat.info/glava-2-obrazovanie-kak-obraz-ovanie-cheloveka-kazanskij-gosudarstvennij-universitet.html
  • bukva.largereferat.info/sushestvovala-li-visokorazvitaya-civilizaciya-na-zemle.html
  • uchebnik.largereferat.info/vcelyah-realizacii-federalnogo-zakona-ob-organizacii-predostavleniya-gosudarstvennih-i-municipalnih-uslug-ipovisheniya-effektivnosti-predostavleniya-gosudarstven-stranica-2.html
  • portfolio.largereferat.info/podprogramma-obespechenie-zemelnih-uchastkov-kommunalnoj-transportnoj-i-socialnoj-infrastrukturoj.html
  • letter.largereferat.info/ne-prosto-uchastie-igra-mozgovoj-shturm-uravnyaet-zdorovih-lyudej-i-invalidov-komi.html
  • writing.largereferat.info/bazovij-integralnij-modul-neokorteksa-problema-i-reshenie-dopolnitelnij-podhod-chast-2.html
  • turn.largereferat.info/ogli-stanovlenie-i-razvitie-politiki-voennoj-bezopasnosti-azerbajdzhanskoj-respubliki-v-1994-2011-gg-stranica-2.html
  • klass.largereferat.info/analiz-sovremennogo-sostoyaniya-i-razrabotka-mer-po-sovershenstvovaniyu-nalogovoj-sistemi-rf.html
  • grade.largereferat.info/moudod-detskaya-shkola-iskusstv-7-g-joshkar-oli-2010-2011-uchebnij-god.html
  • uchit.largereferat.info/tema-politicheskie-rezhimi-4-6-chas.html
  • otsenki.largereferat.info/reshenie-28-iyulya-2009-g-618.html
  • education.largereferat.info/12-kogo-schitat-odarennim-rebenkom-v-mladshem-shkolnom-vozraste-problemi-odarennosti-detej-mladshego-shkolnogo-vozrasta.html
  • prepodavatel.largereferat.info/sroki-i-mesta-provedeniya-spartakiadi.html
  • uchebnik.largereferat.info/urok-40-priroda-i-chelovek-programmi-tvorcheskoj-deyatelnosti-po-socializacii-i-socialnoj.html
  • prepodavatel.largereferat.info/staruha-izergil-stranica-5.html
  • znanie.largereferat.info/an-vlasov-programma-i-tezisi-13-j-rossijskoj-konferencii-po-holodnoj-transmutacii-yader-himicheskih-elementov-i.html
  • © LargeReferat.info
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.